📌 Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар 2024 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы және 2025–2027 жылдарға арналған бюджетке түзетулер туралы есепті қарады. Сондай-ақ әлеуметтік сала бойынша алдағы даму жоспарлары ұсынылды.
🔹 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекке қолжетімділік пен сапасын арттыру бойынша негізгі жетістіктерін таныстырды. Денсаулық сақтау нысандарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары, жетім балаларды дәрілік қамтамасыз ету деңгейінің ұлғаюы, медициналық жабдықтарды сатып алу және медициналық персоналды біліктілік арттыру шаралары атап өтілді. Сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, резиденттерді оқыту және санитарлық автокөліктерді жаңарту бойынша ұсыныстар айтылды.
🔹 Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы білім беретін оқу орындарындағы балаларды қамту деңгейінің жақсаруын, инклюзивті білім беру ортасын дамытуды және қосымша білім беру бағдарламаларын кеңейтуді баяндады. Оқу орындарын, мектеп-интернаттар мен балаларды қолдау орталықтарын жөндеу және жабдықтау жоспарлары талқыланды. Талантты жастарға қолдау көрсету, жеке балабақшаларда білім беру тапсырысын қамтамасыз ету және «Мектеп автобус» жобасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹 Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы азаматтарды жұмысқа орналастыру, мүгедектігі бар тұлғаларды қолдау, әлеуметтік қызметтерді кеңейту және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар инклюзивті практика мен әлеуметтік қолдау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1010161?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау