1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Әділет органдарының мамандары балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бүлдіршіндерге жеміс- жидек кәрзеңкесін сыйға тартты. Балаларға үнемі көңіл бөлу, олардың қоғамның маңызды мүшесі екенін тағы бір мәрте еске салу бәрімізге парыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1010443?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау