Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС – «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалының Қарағанды вагон пайдалану депосының «Оңтүстік» техникалық қызмет көрсету пункті жұмысшылары арасында «31 мамыр- Дүниежүзілік темекіге қарсы күн» тақырыбында акция өткізілді.
Өткізілген акцияның негізгі мақсаттары:
- темекіні пайдаланудың зиянды әсеріне назар аудару;·
- темекі тұтынуды азайту жөніндегі шараларды насихаттау;·
- жастар арасында темекі өнеркәсібінің айла-шарасынан қорғаудың маңыздылығын атап өту.
Іс-шара соңында ақпараттық материалдар (жадынамалар, лифлеттер, буклеттер) таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1010538?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау