Бүгін ауданымызда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында тұрғындарды қабылдау шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Қабылдау барысында тұрғындар түрлі сұрақтарымен, әсіресе тұрғын үй және құрылыс саласына қатысты мәселелерімен жүгінді. Заңгерлер мен мекеме басшылары тарапынан оларға жан-жақты кеңес беріліп, құқықтық бағыт-бағдар көрсетілді.
Бұл акция халық пен заңгерлік қауымдастық арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1010236?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау