1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысы дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестік қызметкерлерінің балаларын «Factoria» ойын-сауық орталығында қызықты квест-ойындар мен лазертаг командалық сайыстар ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар түрлі ойын тапсырмаларын орындап, бірлік пен бауырмалдықтың, төзімділік пен сабырдың не екенін ойын арқылы сезінді.Мұндай іс-шаралар тек көңіл көтеру емес, сонымен қатар жас ұрпаққа адамгершілік, достық, жауапкершілік сынды құндылықтарды сіңіруге бағытталған.
Ата – аналар шара соңында өз тарапынан ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1010657?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау