КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН ЖАҢА КӨРСЕТКІШТЕР ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН ЖАҢА КӨРСЕТКІШТЕР ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасына сәйкес, аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларының қызмет тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер жүйесі туралы мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, жалпы саны 87 көрсеткіштен тұратын жаңа жүйе әзірленіп, ол тиісті салалық басқармалармен келісіліп, облыс әкіміне ұсынылған болатын. Осы жүйе аясында Келес ауданы үшін 81 көрсеткіш белгіленді.
Аталған көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, әрбір дербес бөлім мен мемлекеттік мекеме өздеріне жүктелген индикаторлар бойынша арнайы “Жол картасын” әзірлеуі тиіс болатын.
Алайда, бүгінгі күнге дейін бұл тапсырманы тек екі бөлім – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғана толық орындағаны белгілі болды.
Қалған дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелер тарапынан “Жол картасы” әзірленбей, тиісті мерзімде ұсынылмаған. Осыған орай, жиын барысында аудан әкімі жауапты құрылымдарға тапсырманың жедел әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, “Жол картасын” қысқа мерзім ішінде ұсынуды қатаң ескертті.
©️Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1010744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version