Классикалық шахмат: Қазақстанның жаңа чемпиондарының есімі белгілі болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Классикалық шахматтан 21 мамыр – 1 маусым аралығында Астана қаласында өткен финалдың жеңімпаздары анықталды.

Әйелдер. 13 тур. 14 қатысушы.

Елназ Қалиахмет (Алматы обл.) – 10 ұпай
Зарина Нұрғалиева (Атырау обл.) – 9,5 ұпай
Меруерт Камалиденова (Астана қ.) – 8,5 ұпай

14 жастағы Елназ Қалиахмет танымал қарсыластары  Меруерт Камалиденова, Амина Қайырбекова, Алуа Нұрман, Ксения Балабаеваны артта қалдырып, Қазақстанның ең жас чемпионы атағын иеленді.

Ерлер. 13 тур. 14 қатысушы.

Қазыбек Нөгербек (Астана қ.) – 9 ұпай
Денис Махнев (Павлодар обл.) – 9 ұпай
Алдияр Аңсат (ШҚО) – 8 ұпай

Чемпиондықтың тағдыры Қазыбек пен Денистің арасындағы қосымша рапид және блиц партияларында шешіліп, Қазыбек өз мансабында алғаш рет топ жарды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1010183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version