«Көркем тіл, көрікті өңір» айлығының кезекті кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
2025 жылдың 2 маусымы мен 2 шілдесі аралығында кезекті «Көркем тіл, көрікті өңір» айлығын жариялайды.

          Айлықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін біріздендіру және тіл заңнамасының талаптарын сақтау.

          Айлық аясында Абай облысы бойынша өңірлердегі бизнес субъектілері (сауда, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары т.б.) мен халыққа қызмет көрсету мекемелеріндегі (емханалар, тіс емханалары, Қазпошта, Қазтелеком, ХҚКО, қоғамдық көліктер  және т.б.) көрнекі ақпарат пен жарнама тілінде, ас мәзірінде, бақылау-касса машиналарының бақылау чегінде Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына монитринг жасалынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1010990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version