Медицина қызметкері күні қарсаңында әріптесіміз Еркеш Рахымжанқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еркеш Рахымжанқызы 1960 жылы 24 желтоқсанда Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1981-1988 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында “Санитария, гигиена, эпидемиология” факультетінде оқыды.
1989 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық дәрігері болып жұмыс істеді. Жалпы жұмыс өтілі 30 жылдан асады.

Қымбатты Еркеш Рахымжанқызы, осы мерекеде қарсаңында сарқылмас қуат пен зор денсаулық тілейміз. Сіздің өміріңіз қуанышты сәттер мен жарқын әсерлерге толы болсын! Көңіліңіз қартаймасын, құт-береке ешқашан ортаймасын. Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1010263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version