ӨКІЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 3 маусымында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев сотталғандардың құқықтарының сақталуын бақылау және олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында Ұлттық алдын алу тетігі тобымен бірлесіп Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесіне барды.

Бару барысында сотталғандардың ұсталуы жағдайларына, атап айтқанда, асхана мен санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Өкіл мекеме асханасының жұмысымен танысып, тағамның сапасы, азық-түліктің сақталуы мен дайындалу тәртібі, сондай-ақ тағамдардың күнделікті мәзірге сәйкестігін тексерді.

Сонымен қатар, ас блогының тазалығы, қызметкерлердің жеке гигиена талаптарын сақтауы, ыдыс-аяқтардың жуылуы мен зарарсыздандырылу тәртібі, санитариялық нормалардың орындалуы да жіті назарда болды.

Бару кезінде камералар мен тұрмыстық бөлмелердің тазалығы, желдету жүйесінің жұмысы, жуыну және санитариялық тораптардың жағдайы, ауыз суға қолжетімділік, сондай-ақ дезинфекциялау шараларының жүйелі түрде жүргізілуі сияқты аспектілер қаралды. Сонымен қатар, медициналық пункттің санитариялық талаптарға сәйкестігі мен алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі де бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1010822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version