Өскеменде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ресурстық орталығының салтанатты ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларды дамыту және оңалту, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды уақытша орналастыру, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Ресурстық Орталық азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында қызмет көрсету үшін берілген бұрынғы әкімшілік ғимаратта орналасқан.

Балаларға қызметтердің кең спектрі ұсынылады: оңалту маманының кеңесі, түзету қызметтері – физиотерапия, логопед, дефектолог, нейропсихолог, бейімдегіш дене шынықтыру, кәсіби терапевт, сонымен қатар білім беру сабақтары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дайындау, түрлі үйірмелер (қолөнер, сурет). Ерекше балалардың ата-аналары психолог маманынан кеңес ала алады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдау орталығында психологтың қызметтері, жатын бөлмелері, өзіне-өзі қызмет көрсету үшін жағдайлар, 3 рет тамақтану, терапевт дәрігерінің алғашқы тексеруі, жәрдемақылар ресімдеуде, жұмысқа орналасуда және басқа да мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады.

Бүгін біз әлеуметтік әріптестіктің жарқын үлгісін көріп отырмыз. «Демеу» түзету орталығы мемлекет меншігіндегі ғимараттан жаңа кеңсе алып, ол бюджет қаражаты есебінен жөндеуден өтті. Қаланың кәсіпкерлері балаларды дамытуға арналған заманауи құрал-жабдықтар мен тренажерлар сатып алуға, сондай-ақ жиһазды жаңартуға өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1010461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version