Оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыстағы барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Олардың ішінде 10 481 түлек 11-сыныпты тәмамдайды. Кеше ғана мектеп партасында отырған жас түлектер енді өз болашағын айқындайтын маңызды таңдау алдында тұр.

9-сыныпты аяқтап жатқан 1 564 оқушы және 11-сыныптың 679 түлегі – үздік аттестатқа, сонымен қатар, 641 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.

Оқу жылының маңызды қорытындысына айналған «Білімім – Отаным үшін!» атты сынып сағатында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына ерекше көңіл бөлінді.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда өткен салтанатты іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысты. Ол оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version