Президенттік жастар кадр резерві: Ақтаулық жастарға ақпарат берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында Президенттік жастар кадр резерві жөнінде қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, жоба жайлы мағлұмат берілді.

Президенттік жастар кадр резерві – ел болашағына жауапты, білімді әрі әлеуеті жоғары жас мамандарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған ұлттық жоба. Бүгінде резервке енгендердің 80%-ы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қызмет атқарып жүр.

– Жасы 35-тен аспаған азаматтар
– Жоғары білімі бар
– Ең кемі 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет
– Қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеруі тиіс

 Құжат қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін болады. 

 Толығырақ ақпаратты pkrezerv.kz сайтынан алуға болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1010194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version