«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Қарағанды-жолаушылар станциясының басшылық пен қызметкерлерінің арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелеріне, сыбайлас жемқорлықтың бір түрі ретінде және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылардың назарына туберкулездің, жіті ішек инфекциясының, темекі шегудің алдын алу жолдары, жеке гигиена ережелерін сақтау мәселелері жеткізілді.
Білімді бекіту үшін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша материалдар таратылды, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1010482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау