Шахманова Бақыт Мухиденқызы 1956 жылы 13 шілдеде Торғай облысының Қима кентінде дүниеге келген. 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері.
1979 жылы Қарағанды медициналық институтын тәмамдап, Торғай облысы Қима ауылының Қима аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып жұмыс істеді.
1999-2009 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде дәрігер-эпидемиолог болып еңбек етті. Эпидемиология саласындағы үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында бірқатар жас мамандарға білім берді. Оның тәлімін алған еліміздің эпидемиологтарының бірнеше буыны бүгінде табысты еңбек атқарып жүр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1010560?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау