Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы «Сот және сот төрелігі» бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Академия – еліміздің сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны.
Оқыту бір жылдық бейіндік магистратура аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, сондай-ақ (2022 жылдан бастап) ақылы негізде жүзеге асырылады. Жыл сайын мемлекеттік грант есебінен 60 адам тегін оқиды.
Биыл алғаш рет мемлекеттік грант есебінен оқуға құжаттарды тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, белгіленген талаптарға сай келетін барлық азаматтар тапсыра алады.
Заманауи білім беру саясаты мен оқытудың тиімді технологияларына негізделген Сот төрелігі академиясының даярлау жүйесі жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: түлектердің 95%-дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судья лауазымына тағайындалады.
Магистратураға оқуға түсуші тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
- құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте жиырма тоғыз жасқа толуы;
- жоғары заң білімі болуы;
- құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін жұмыс күндері жүзеге асырылады.
Магистратураға қабылдау «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша бір жылдық оқу мерзімімен жүргізіледі.
Қажетті құжаттардың тізімі Академияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мамандық бойынша қабылдау емтихандары үш кезеңнен тұрады:
- Кешенді тестілеу (ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының базасында өткізіледі);
- Кейс (жағдаяттық тапсырма) шешу;
- Эссе жазу.
Анықтама үшін байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы
Сайт: sta.edu.kz
Байланыс телефондары:
Ұялы тел.: +7 771 6888517 (WhatsApp)
Жұмыс тел.: +7 7172 710847
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1010326?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау