ТҮНГІ РЕЙД: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮНГІ РЕЙД: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Ақсукент және Манкент ауылдық округтерінде түнгі уақытта арнайы рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл рейдтің басты мақсаты — кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейд барысында учаскелік инспекторлар және Жастар ресурстық орталығы мамандары бірлесіп жұмыс атқарды. Қоғамдық орындар, саябақтар мен көшелер тексеріліп, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті бірге атқарайық!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1010540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version