ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨРСЕТІЛІМ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жібек жолы» саябағында ерекше форматтағы мәдени шара өтті. Шараны «Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырды.
 
Кішкентай көрермендер ашық аспан астында «Мұзды өлке 2» (Frozen II) анимациялық фильмін тамашалады. Жаһандық танымалдылыққа ие туынды қазақ тілінде көрсетілді.
 
Фильмді ана тілімізге бейімдеу барысында аудармашылар отандық әдебиетпен үндестік орнатып, Абай Құнанбайұлының «Күз» және «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты лирикалық туындыларынан үзінділерді шебер қолданған. Бұл тәсіл мультфильм мазмұнын ұлттық рухпен әрлеп, көрерменге терең әсер қалдырды.
 
Мерекелік кеш балалар ән шырқап, аниматор-кейіпкерлермен бірге би биледі. Мұндай көрсетілімді алдағы жаз айларында да өткізу жоспарлануда.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1010627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version