Бүгін Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаев Сарыжар ауылының тұрғыны Асаубек Калмурзинді жеке қабылдады. Қабылдау барысында азамат тарапынан екі өзекті мәселе көтерілді.
Бірінші мәселе – әлеуметтік мәні бар ауруларға төленетін төлемдерге қатысты болды.
Екінші мәселе – тұрғын үйге газ тарту туралы.
Азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған мәслихат төрағасы тиісті салалық мекеме өкілдерін тарта отырып, нақты түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Көптлеуов және Мәртөк газ шаруашылығы мекемесінің директоры Р.Айтқалиев өтініш иесіне жан-жақты түсініктемелер беріп, сұрақтар бойынша тиісті жауаптар ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1010728?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау