Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 30 сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Сессия жұмысына аудан әкімі Ж.Қаражанов, аудан әкімінің орынбасары Н.Сарманов, Атырау облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі А.Анжанов, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мекеме басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2024 жылғы даму қорытындылары және 2025 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы. (Баяндамашы: аудан әкімінің орынбасары Н.Сарманов»
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова)
  3. 2024 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: қала әкімі Қ.Адинов)
  4. Атырау облысы тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі туралы. (Баяндамашы: Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов)
  5. Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы. (Баяндамашы: аудан әкімінің орынбасары Н.Сарманов)
  6. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. (Баяндамашы: аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы С.Байжумиева)
  7. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. (Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова)
  8. «Жылыой ауданының жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы №22-3 шешіміне өзгерістер туралы және Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы. (Баяндамашы: аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Сабыров)

Депутаттар инфрақұрылымды дамыту және жергілікті мәселелерді тиімді шешу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

 Сессия барысында депутаттар тарапынан көше жарықтандыруының жеткіліксіздігі, кәріз тазарту имаратының (КОС) құрылысы мен пайдалануға берілу мерзімі, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларының жоқтығы туралы мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ауылды елді мекендердің жолдары назардан тыс қалмауы керектігін, автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде сапа стандарттарының қатаң сақталуын, мердігер ұйымдарға бақылауды күшейтуді және бөлінген қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланып, олар бойынша қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1010445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version