🔰 БӘЙДІБЕК: ДЕПАРТАМЕНТ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА “БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ” МКК-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2025 жылдың 23 мамырында Департаменттің МЕИ Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Департаментпен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес Бәйдібек ауданында орналасқан «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы” МКК-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі кәсіпорындарындағы еңбек ұжымына еңбек заңнамалық талаптарының сақталуына түсіндірме беру, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің басым бағыттарын талқылау.
Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындарда жыл сайын орын алатын өндірістегі жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасап, Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі заң бұзушылықтарға жол берілетін мәселелерге тоқталды.
«Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы” МКК-ның қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.
Кездесу соңы ұжым қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен жалғасын тапты.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау