2025 жылдың 28 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы Түлкібас ауданы, Ақбиік а/о, Сарытқөр ауылында орналасқан Түлкібас ауданы білім бөлімінің «М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған мәселелерге қатысты іс-шаралардың алдын-алу, болдырмау мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, мектеп ұжымы тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау