1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым күні Бақты ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойын-сауық бағдарламалар, анимациялық кейіпкерлермен кездесулер және қызықты ойындар өткізілді.

Шараға ауыл балалары мен ата-аналар белсене қатысты. Кішкентай бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылып, қуаныш пен шаттыққа толы сәттерге куә болдық. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.

Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың бақытты балалық шағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, балалардың жарқын болашағы үшін еңбек етуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-bakty/press/news/details/1009158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version