Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында 25 апта жүктілікте, салмағы 1000 граммға жетпей дүниеге келген, өмір үшін күрескен шала туылған балаларға арналған Ашық есік күні өтті. Бұл сәбилер бір кездері реанимация бөлімінде өмір үшін күрескен еді, бүгінде олар дәрігерлердің жанашырлығы мен қамқорлығының арқасында өсіп, дамып келеді.
Іс-шара аясында сәбилер келесі мамандардың тексеруінен өтті:
офтальмолог,
балалар невропатологы,
ультрадыбыстық диагностика дәрігері,
катамнез кабинетіндегі педиатр,
сондай-ақ оларды алғашқы күндерінен бастап бақылаған неонатолог дәрігерлер.
Барлық отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Ата-аналар дәрігерлерге кәсібилігі, жанашырлығы және балаларын аман алып қалғаны үшін шын жүректен алғыс айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1008841?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау