Балаларға мерекелік көңіл күй сыйланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында ем қабылдап жатқан ерекше жандар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл игі бастамаға АГУ Тарлан колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік техника колледжі және Дүние колледжінің волонтерлары өз үлестерін қосты. Олар балаларға қуаныш пен шаттық сыйлауға барынша атсалысып, өздерінің жанашырлықтарын танытты.

Мереке аясында балаларға арналған бір апталық іс-шаралар жоспары жасақталып, түрлі шығармашылық, ойын-сауық және дамыту бағытындағы бағдарламалар қолға алынды. Бұл шаралар балалардың эмоционалдық хал-ахуалын жақсартып, әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етуді мақсат етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version