Бұланды ауданында “балалар қауіпсіздігі” профилактикалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Бұланды ауданында аудан прокуратурасы полиция бөлімі және өртке қарсы қызметпен бірлесіп ұйымдастырған “балалар қауіпсіздігі” профилактикалық акциясы өтті.

         Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық және өртке қарсы сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ оларда әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.

         Акция барысында балалар Құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерінің жұмысымен танысты. Полиция мен төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қызметінде қолданылатын арнайы техника мен оқ-дәрілердің макеттерін көрсету қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1009136?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version