Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес берді. Шара барысында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы сөз сөйлеп, азаматтарға сәттілік тіледі. 2016-2024 жылдар аралығында акцияға 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 300000-нан астам адам консультация алды. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру. Акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысып, азаматтаға құқықтық кеңес берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1009053?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау