2025 жылдың 29 мамырында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясымен бірлесіп «Карантинді және басқа аса қауіпті жұқпалы аурулардың клиникасы, диагностикасы, емдеу, алдын-алу шаралары» бойынша жеке – меншік түріне қарамастан емдеу-профилактикалық мекемелердің қалалық, аудандық дәрігер-инфекционисттеріне, госпиталдық эпидемиологтарына, терапевттерге және Департаменттің қалалық, аудандық басқармаларының эпидемиологтарына арналған семинар өткізді.
Семинардан кейін Ақтөбе қаласының № 5 қалалық емханасында өзара әрекет ететін қызметтердің қатысуымен облыстағы емдеу-профилактикалық мекемелердің дәрігер-инфекционистеріне, госпиталдық эпидемиологтарына, терапевтерге көрініс, «Оба ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда барлық әрекет етуші қызметтердің іс-қимыл әдісі» жаттығу сабағы өткізілді.
Жаттығу сабағының мақсаты аса қауіпті инфекция бола қалған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу тәртібі мен мүдделі мекемелердің өзара әрекет ету қимылын пысықтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1009383?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау