“Рецидивтің алдын алу” жобасын іске асыру аясында Сандықтау ауданында қайырымдылық акциясы өтті.
Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында прокуратура, әкімдік және пробация қызметінің қызметкерлері пробация қызметінде есепте тұрған ата-аналардың отбасыларына барып, арнайы іс-шара ұйымдастырды. Балаларды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық жиынтықтарын табыстады.
Бұл бастаманың басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аудару, мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше назарды қажет ететін отбасыларға моральдық және әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, өскелең ұрпақтың бойында қамқорлықты, назар мен болашаққа деген сенімді қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1009088?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау