Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокуроры Дастан Мырзағали, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, дербес бөлім басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ғани Ермек интернет алаяқтықтың деңгейі және оның алдын алу шаралары туралы, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мақсат Сейдуалиев жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Төлеби аудандық пробация қызметінің инспекторы Ақылбек Кунусбаев пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қайта қылмыс жасауы және оларды қоғамға бейімдеу бойынша баяндады.
Жиын барысында қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, хаттамалық шешім түзіліп, жұмысты жандандыру бойынша тапсырмалар берілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау