Ағымдағы жылы 27-28 мамыр аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен “Жас құтқарушы” облыстық слеті өтті. Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан құралған 14 құрама команда қатысып,барлығы 112 оқушы өз өнерлерін көрсетті. Слеттің басты мақсаты-жасөспірімдер арасында төтенше жағдайлар кезінде дереу көмек көрсетуге және шеберлікті аттыру мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды.
Сайыстар келесі бағыттар бойынша өтті:
1. «Газет-жарнама қалканы» шығармашылық байқауы;
2. «Өрт эстафетасы»;
3. «Алғашқы көмек көрсету» практикалық сайысы;
4. « Жауынгерлік қанат жаю»;
5. «Су тосқауылын еңсеру және су айдынындағы кұтқару жұмыстары»;
6. «Капитандық жарыс».
Слет барысында қатысушылар төтенше жағдайларда
әрекет ету қабілеттерін, ептілік пен командалық, жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Байғанин ауданы жүлделі 2-орынды иеленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1010402?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау