Әлмерек шағын ауданында инфрақұрылымды дамыту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шағын ауданда жол және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірден бірнеше жоба іске асырылуда.

Жуырда Әлмерек шағын ауданы мен СМУ кентінде қосылатын Кіші Алматы өзені арқылы өтетін көпір бойынша ауқымды жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда көпір жолының кеңеюімен, өткелдері бар жаяу жүргіншілер аймағын жайластырумен және өзен арнасын дағы жағалауды нығайтумен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Әлмерек шағынауданына қарай ТЖ өткелінен солтүстік бағытта жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен қоса жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Бейбітшілік және Шортанбай Жырау көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Шортанбай Жырау көшесінде тротуар құрылысы жүргізілді. Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының мердігер ұйымы кепілдік міндеттемелері шеңберінде олқылықтарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Электрмен жабдықтау жұмыстарына келетін болсақ, электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды және бүгінгі күні АЖК АҚ тарапынан трансформаторлық қосалқы станцияларды қосу күтілуде. Шамамен 15 күн ішінде электр беру желілерін қала балансына беру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1007080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version