Түрлі этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысқан сессия отырысында Атырау облысының әкімі Жасұлан Бисембиев төрағалық етті. Жиында сөз алған облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова ҚХА 30 жылдығына орай елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV-ші сессиясында Мемлекет басшысы қозғаған маңызды тақырыптарға тоқталып, өңір бойынша атқарылып жатқан жұмысты баяндады.
Жиын барысында «Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар»,«Бірлік пен келісім тақырыбындағы БАҚ-тың рөлі», «Творчество в моей жизни» және «Спорт как инструмент межэтнического диалога» тақырыптарында баяндамалар қорғалды.
Өз сөзінде Ж.Бисембиев қала орталығында жаңа Достық үйінің құрылысы басталғанын және жұмысты жоспарланған уақыттан бұрын аяқтап, ел игілігіне тапсыруға ниетті екенін айтып өтті.
Сессия соңында бірнеше этномәдени бірлестіктің басшылары мен мүшелері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен және Атырау облысы әкімінің құттықтау хатымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1007152?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау