АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28 мамыр күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өтті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен мекеме, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Әкімдік мәжілісінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – оқу жылының аяқталуы, жазғы демалыс кезінде оқушылардың демалысын ұйымдастыру туралы. Екінші мәселе – Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы.
Үшінші мәселе – ауданда мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу мәселелері туралы.

Бұған дейін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен оқу жылының аяқталуы, каникул кезінде оқушылардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша жиын өткен. Аталған жиында аймақ басшысы мәселенің маңыздылығын ерекше атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты сапалы ұйымдастыруды, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Жакудаев алдағы міндеттемелер мен атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.

Мұнан соң аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаев өз баяндамасында аудандағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мектептер мен балабақшалар салық есептіліктерін “0” көрсеткішпен тапсырғаны жөнінде баяндады.

Сондай ақ, бүгінгі таңда аудан бойынша жеке тұлғалардың мүлік, көлік салығынан қалыптасқан берешегі жөнінде тілге тиек етті.
Бұл жөнінде аудан әкімі аудандық білім бөлімінің басшысына өзіне қарасты мекемелердің салық есептілігін қайтадан дұрыс тапсырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үшінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов МӘМС жарналарын төлеуде мекемелер мен ұйымдарда жарнапұлды уақытылы төлемеу жағдайлары орын алғандығы жөнінде баяндады. Осы мәселе бойынша аудан басшысы барлық кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшыларына шұғыл шаралар қабылдап, жарналардың төленуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімі Мажит Самитов Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының іске асырылуына барлық кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары өз ұжымдарын түгел ұйымдастырып, тазалыққа белсене қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1007231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version