АУДАН ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Атап айтқанда, теміржол вокзалының ғимараты, аудандық аурухана мен Л.Қылышев атындағы мектеп жанындағы интернат ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударды.
Әкім нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына, жұмыс кестесінің сақталуына және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше мән берді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл нысандардың тұрғындар үшін қолайлы әрі заманауи талаптарға сай болуына баса назар аударылатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1006845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version