АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында белгіленбеген орындарға тұрмыстық қоқыс пен құрылыс қалдықтарын тастау фактілеріне байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен аудан тұрғындары тарапынан абаттандыру қағидаларының бұзылғаны анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, құрылыс қалдықтарын арнайы полигондарға шығару тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция департаменті тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.

Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл екпелерді жою немесе зақымдау фактілері бойынша:

Бірінші рет ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады;

Қайталанған жағдайда — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері үшін:

Бірінші рет — 5 АЕК айыппұл;

Қайталанған жағдайда — 10 АЕК айыппұл салынады.

Құрметті аудан тұрғындары! Таза әрі жайлы орта — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1007269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version