ҚР АШМ АӨК МИК Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы ММ аудан тұрғындарына шегіртке зиянкестеріне қарсы ағымдағы жылдың 29- мамырынан бастап 10-маусымы аралығында химиялық өндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Шарбакты ауылдық округінде италиялық шегірткеге қарсы -100 га, Қызылағаш ауылдық округінде саяқ щегірткеге қарсы -880 гектар, Ямышев ауылдық округінде -320 га өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты химиялық өндеу жұмыстары жүргізілетін орындарда мал жаюға, шөп шабуға, саңырауқұлақ, жеміс-жидек, емдік шөп теруге, тұрғындардың демалуына тыйым салынады. Аудан тұрғындарын алдын ала хабардар ету, шопандар мен омарташыларды химиялық шаралар туралы жазбаша ескерту, өңдеу орындарында «Удан сақтан» деген жазуы бар ескерту тақта ілу қажет. Ара өсірушілер ұяларын бал араларын өндеу орындарынан 5-6 км алыс қашықтықта орнатулары керек. Химиялық заттардың қорғаныс әсері 20 күн бойы сақталады. Өңдеу орындары мен координаттары туралы мәлеметтерді ауылдық округтердің әкімдіктерінен білуге болады.
«ҚР АШМ АӨК МИК Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1007206?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау