Мәжіліс депутаттары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер салалық заңнаманы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы аясында қаржылық мониторинг субъектілеріне ұялы байланыс операторлары және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жатқызылады. «Күдікті әрекет» ұғымы енгізіліп, ол туралы уәкілетті органға хабарлау міндеттеледі. Сондай-ақ, мәдени құндылықтарды қолма-қол түрде сатып алу (сату) операциялары бойынша шекті мөлшер 45 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін төмендету ұсынылуда. Енді 5 миллион теңгеден асатын немесе тең операциялар бойынша цифрлық активтер де қаржылық мониторингке жататын болады.
Бұдан бөлек, Мәжіліс Сенаттың «Аквакультура туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквакультура, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына енгізген түзетулерімен келісті.
Салалық комитеттер ратификациялау жобаларын жұмысқа алды:
– Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызмет етуі туралы келісім;
– Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы ҚР азаматтарын Катар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім;
– Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттама;
– Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыспен күресте ынтымақтастық туралы келісім.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1006897?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау