Бақытты балалық шақ қауіпсіздікті үйретуден басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық ТЖД Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайымен балаларды жүзудің алғашқы дағдыларын үйрету үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жасалған ынтымақтастықта құтқарушылар оқушылар сарайының базасында балаларға жүзудің алғашқы дағдыларын, алғашқы көмек көрсету және судағы қауіпсіздік ережелерін үйрететін болады.

Меморандумға қол қою аясында Департамент бастығының орынбасары Елухан Баймулдинов және Оқушылар сарайының директоры Раушан Күшібаева жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, бірқатар мәселелерді пысықтады.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1006788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version