2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енетін тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындық аясында бүгін аумақтық басқармалардың жауапты мамандары, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері үшін семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында жаңартылған стандарттың негізгі ережелері егжей-тегжейлі ұсынылды. Мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың жаңа тәсілі балалардың денсаулығы мен толыққанды дамуының заманауи талаптарына сәйкес келетін салауатты, қауіпсіз және теңдестірілген ас мәзірін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа нормаларға сәйкес, мектеп оқушыларының тамақтануында қант, тұз және өңделген өнімдерді азайту арқылы сауықтырылады. Көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыз көздерінің және сүт өнімдерінің үлесін арттыруға ерекше назар аударылады.
Өзгерістердің негізгі мақсаты – балаларда дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және ерте жастан денсаулықты нығайту.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері айтылды.
Оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және осы үдерістегі санитариялық-ағарту жұмыстарының маңыздылығына ерекше назар аударылады.
2025 жылғы 2-6 маусым аралығында әр мектеп бөлінісінде қалалық және аудандық деңгейлерде семинар-тренингтер өткізу жоспарланған. Бұл білім беру ұйымдарында жаңартылған тамақтану жүйесін енгізуге мамандарды бірыңғай түсінуді және сапалы даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1008330?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау