72-үйдің бойындағы бос жатқан аумақта шағын саяжол құрылысы жүріп жатыр.
Бұл аумақты жаяу жүргіншілер жиі пайдаланатындықтан, тұрғындар оны ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін абаттандыруды біраз уақыттан бері сұрап келеді.
Жоба аясында кеспекше төсеу, көше шамдарын орнату, қоқыс жәшіктерін қою және аумақты көгалдандыру қарастырылған.
Жұмыстардың толықтай аяқталуы маусым айының соңына жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1007068?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау