Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ бойынша 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
Сонымен қатар, төмендегі қызметтер бойынша өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырады;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Ауылдық округ тұрғындарына қолайлы ахуал қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындарының «e–gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өз уақытын үнемдеп, электронды түрде мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Сізге қызмет көрсетуші Жалғызтөбе ауылдық окргунің бас маманы
Мейрбек Балмурзаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-zhalgyztobe/press/news/details/1006975?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау