«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдануда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық отбасының өнегелі үлгісін көрсете алатын жанұялар үшін ерекше мүмкіндік!

Конкурстың мақсаты:
Отбасы институтын, адамгершілік пен руханиятты нығайту;
Жауапты ерлі-зайыптылықты насихаттау;
Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
Ұрпақтар сабақтастығы мен қарт ата-анаға қамқорлықты дәріптеу;
Қоғамға үлгі болар отбасылардың жағымды бейнесін көрсету.

Өтінім қабылдау мерзімі:
15 мамыр – 15 маусым 2025 жыл

Қатысу үшін құжаттарды тапсыру тәсілдері:
Өскемен қаласы, Чехов көшесі, 33, 4-кабинет
Электронды пошта: 265119ops@mail.ru

Қосымша ақпарат үшін: 8 (7232) 26 47 68
WhatsApp: 8 705 526 16 40

Байқау кезеңдері:
Қалалық/аудандық іріктеу – 15 маусымға дейін
Облыстық кезең – 17 шілдеге дейін
Республикалық кезең – жеңімпаз отбасылар туралы бейнематериалдар дайындалып,
2025 жылғы 12 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында марапаттау рәсімі өтеді

Марапат: Жеңімпаздар дипломмен, арнайы мүсіншемен және сыйлықпен марапатталады.

Өзгелерге өнеге болып жүрген мерейлі отбасы болсаңыз — байқауға қатысуға асығыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1008166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version