Өндірістік қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму талаптары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі – өндірістік және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуді бақылау. Қазақстан Республикасында бұл саладағы талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен қатаң реттелген.
Қалдықтарды жинау және уақытша сақтау жеке және заңды тұлғалармен қалдықтардың қауіптілік класына сәйкес арнайы жабдықталған алаңдарда жүзеге асырылады. Қалдықтарды шығару жұмыстарын меншік иелері өздері немесе шарт негізінде мамандандырылған ұйымдардың көмегімен жүзеге асырады – залалсыздандыру, көму немесе қайта өңдеу мақсатында.
Қалдықтар бес қауіптілік класы бойынша жіктеледі – аса қауіптісінен бастап қауіпсізге дейін. Өндірістік нысандарда уақытша сақтау мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Қалдықтарды сақтау және көму тек қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін арнайы құрылыстарда – шлам жинағыштарда, кен қалдық қоймаларында, үйінділерде рұқсат етіледі.
Кен қалдық қоймаларын орналастыру да қатаң реттелген: олар ауыз су көздерінен төмен орналасуы тиіс және балшықты немесе әлсіз сүзгіленетін топырақтары бар учаскелерде орналасуы керек. Жер асты суларының деңгейі қоймадағы қалдықтардың ең төменгі нүктесінен кемінде екі метр жоғары болуы қажет. Қолайсыз жағдайларда жер асты суларын дренаждау және қорғау шараларын қабылдау қажет.
Пайдаланудан кейін мұндай нысандар экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес рекультивациялануға немесе консервациялануға тиіс.
Есепті кезеңде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында атмосфералық ауадан 462 сынама зерттелді – нормативтен асу жағдайлары тіркелген жоқ. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап топыраққа мониторингтік зерттеулер басталды. Сонымен қатар, кен қалдық қоймаларының санитариялық-қорғау аймақтарынан тыс орналасқан сегіз бақылау нүктесінен алынған 16 сынама бойынша радиологиялық зерттеулер жоспарланған.
Қалдықтармен жұмыс істеуге кешенді көзқарас және жүйелі экологиялық мониторинг өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды сақтауға және халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1007966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version