Оқушылар төтенше жағдай қызметімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы қауіпсіздік көрмесін ұйымдастырды.Исатай-Махамбет алаңында өткізілген іс-шараға 50 шақты мектеп оқушысы қатысып, өрт сөндіру техникалары мен құтқару құрал-жабдықтарды пайдалану барысымен танысты. Сонымен қатар зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйреніп, өмірлік маңызды дағдыларды меңгерді.
– Республикалық “Бала қауіпсіздігі – басты назарда” акциясының негізгі мақсаты – оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Шара аясында балаларға арналған үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, асфальтқа сурет салу сайыстары мен флешмобтар ұйымдастырылуда. Мұның бәрі қауіпсіздік дағдыларын ойын арқылы жеткізуге бағытталған,- деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нариман Өтешов.
Балалар қызықты ойындар мен сайыстарға қатысып қана қоймай, құтқарушылардың жұмысын көзбен көріп, олардың ерлігіне тәнті болды.
– Бүгінгі шара маған қатты ұнады. Көңіл-күйім өте тамаша. Енді өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қалай жұмыс істейтінін анық түсіндім. Болашақта мен де өрт сөндіруші болғым келеді. Адамдарға көмек көрсетіп, оларды құтқару – нағыз батылдық. Сол үшін қаhармандарға мың алғыс,- деді қатысушы Нұрсаят Жолдас.
Акция соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен жадынамалар үлестірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1007246?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version