Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
Бірінші болып сөз алған «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Арай Сауранбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстар жайында баяндама жасады.
Келесі кезекте қалалық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік және меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары бойынша ақпарат ұсынды.
Қала басшысы баяндамаларды тыңдап, құқық бұзушылықтың алдын алу және салдарымен күресу бағытында нақты ұсыныстар беріп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1008374?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау