Қару айналымына бақылауды күшейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді оқсыз атылатын және белгі беретін қару азаматтық айналым нысаны ретінде қарастырылады. Мұндай қаруды соттылығы жоқ, психикалық денсаулығы бойынша мәліметі оң, және қаруды пайдалануға даярлықтан өткен тұлғалар ғана заңды түрде сатып ала алады.
Сатып алынған қару:
1. 7 күн ішінде Ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс;
2. Қару сақтауға рұқсат берілмейді;
3. Заңсыз сақтау, алып жүру және сату үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Назар аударыңыз
Әлеуметтік желі арқылы немесе қолдан қару сатып алу – заңсыз!
Қаруды міндетті түрде жергілікті ішкі істер органдарына тіркеу қажеттігін қаперіңізге береміз. Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1007260?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау