Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Маусым 5, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Құрметті Қостанай ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

05/06/2025 20:41

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау ашылды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы     5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (2021 жылғы    6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 өзгерістермен) сәйкес  өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің   (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудандық комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Қабылдаудың соңғы күні                        2025 жылғы 14 маусым.

Барлық сұрақтар бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ге мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Школьная көшесі, 40, тел/факс 2-15-97, e-mail: kost-raion-ovp@mail.kz.

Белсенді қатысуды сұраймыз. Сіздің отбасыңыз жеңімпаз бола алады!

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-maskeu/press/news/details/1006936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!
Next: Депутаттар Бекзат Саттарханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жұмысымен танысты→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version