СЕМИНАР: Қарағанды облысындағы суық тізбек жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 30 мамырда, Қарағанды облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті АҚ «Қазақтелеком» аналитигі В.Лимен бірлесіп ZOOM режимінде «Қарағанды облысындағы суық тізбек жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқарма мамандары мен пилоттық жобаға кірген объектілерінің медицина қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушыларға суық тізбек жүйесін автоматтандыру, жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі вакциналарды сақтау және тасымалдау талаптары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, логистикалық тізбекке қатысты мәселелер де талқыланды. Қоймалар мен объектілердегі вакциналарды қадағалау бойынша түсіндірмелер жүргізілді.

Тасымалдау кезінде уақыт кезеңіне және температуралық режимді сақтауға баса назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1008083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version