СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ (АРЫ ҚАРАЙ – СЖТІТ) ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша Үлгілік қағидаларға сәйкес, Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылусуорталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорын қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық  талқылау өткізеді.

 

2025 жылғы 30 мамырдан бастап СЖТІТ жұмысының қорытындыларына қоғамдық талқылау басталады.

2025 жылғы 09 маусымда СЖТІТ жұмысының қорытындыларына ашық қоғамдық талқылау өтеді.

СЖТІТ аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 16 маусым.

Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық мүдделі тұлғаларды осыған белсенді қатысуға шақырамыз.

Тіркеуден өту және қосымша ақпарат алу үшін Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылусуорталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-қызметіне келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Пионерский тұйық көшесі, 18-үй.

 

Электрондық пошта: Mzdaimec@yandex.ru

Байланыс телефондары: 8/72335/78957, 87479966217.

 

30.05.2025 ж.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1008364?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version